Ресей Ұлыбританияның тағы да 29 азаматына санкция салды. Арасында саясаткерлер мен журналистер бар

0

 Ресей сыртқы істер министрлігі жеке санкция салынған шетелдіктердің кезекті тізімін жариялады. Тізімде Ұлыбританияның 39 азаматы бар, олар: саясаткер, бизнесмен, белгілі басылым журналистері.

 Ресейге кіргізуге тыйым салынғандар арасында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмерон, лордтар паласатының мүшесі Джордж Робертсон, қауымдастық палатасындағы лейбористік партияның кейбір депутаттары (Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «олар түрлі сала бойынша көлеңкедегі министрлер» деп аталған) бар. Тағы бірнеше бизнесмен мен Би-би-си, Ай-ти-ви, Times, Guardian, The Sun, The Economist, Daily Telegraph секілді Британияның ірі БАҚ-тары да қосылған. Ресей сыртқы істер министрлігі бұл санкция «Ресейді құбыжық көрсетіп, халықаралық деңгейде оқшаулауға бағытталған Лондонның жау пиғылына ықпал етіп отырғандарға» салынғанын айтқан.

 «Русофобия сіңіру, біздің еліміз туралы жалған ақпарат тарату, Киевтің неонацистік режимін қолдау әрекеттеріне Ресей тарапынан лайықты жауап беріледі», — дейді Ресей сыртқы істер министрлігі. Ресейдің санкция тізімінде Ұлыбританияның барлығы 225 азаматы кірген. Реестр соңғы рет 14 маусымда жаңартылған. Ол кезде Ресей Ұлыбританияның 29 журналисі мен қорғаныс кешеніне қатысы бар 20 азаматын қосқан болатын. Ұлыбританияның санкция тізімінде Ресейдің 1330 азаматы мен 158 ұйымы бар. Оны соңғы рет 26 шілдеде толықтырып, Ресейдің түрлі аймақтарының 29 жетекшісін қосқан.



ПІКІР ЖАЗУ