Күн тәртібіндегі күрмеулі мәселелер сараланды
Түркістан қаласы әкімдігінің кезекті апталық мәжілісі өтті. Мәжілісте күн тәртібіне сәйкес, бюджеттің игерілуі, «Amanat» партиясының сайлау алды бағдарламасының орындалуы, халықпен кездесудегі облыс және қала әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы мен 109 — Бірыңғай байланыс орталығына соңғы екі аптада түскен өтініштері сараланды.
Алғаш болып, қала әкімінің секторлардағы кездесуінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы бақыланып, көрсеткіштері тыңдалды. Қазіргі таңда алты сектордағы соңғы кездесулерде берілген тапсырмалар саны — 137-і құраған болатын. Бүгінге дейін, оның 118-і орындалды, 18-і орындалу үстінде, қалған тапсырмалар бойынша заңға сәйкес түсіндірме жүргізілуде.
Жиналыс 109- Бірыңғай байланыс орталығы директоры соңғы екі аптада орталыққа түскен өтініштердің орындалуы жөніндегі баяндамаға ұласты. Баяндамашы соңғы екі аптада орталыққа 6593 өтініш қабылданғанын, оның 3458 өтінімі орындалғанын мәлімдеді.
Түскен өтініштерге сәйкес, апаттық жағдайдағы жарық бағаналары бойынша- 3 өтінім, кабель үзілген электр желілері бойынша- 5 өтінім назарға алынып, тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Және де электр қуаты мәселесімен 31 қоңырау қабылданған.
Одан бөлек, ауыз су мәселесімен тазалық жұмыстары бойынша — 338 өтініш тіркелген. Қазіргі таңда, өтініштер бойынша 20 құдықшаның беті жабылып, апаттық жағдайдағы- 3 жарық бағанасы анықталып қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Жиын барысы қала әкімінің секторларда берген тапсырмаларының орындалуын талқылаумен жалғасып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, жұмыстарды жылдамдату қажеттігі, қадағалаулың күшейетіні ескертілді.