The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Түркістанда 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

  Қазіргі таңда  Түркістан  қаласындағы Төле би атындағы №19 және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептері күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгін Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова аталған білім ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарының қандай деңгейде жүріп жатқанын зерделеп шықты.

— Жаңа оқу жылында оқушылар жаңарған мектепте білім алатын болады. Мердігер мекемелер өз жұмысын тиянақты атқаруда. Негізі құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болғанымен, мүмкіндігінше биылғы оқу жылына дейін аяқтау міндеті тұр.  Жалпы сапалы жұмыстың нәтижесін көріп тұрмыз. Мұның барлығы түркістандық оқушылардың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар,  — деді Оразкүл Шайхықызы.

Аталған білім ұяларында күрделі жөндеу тамыз айының ортасында аяқталады деп жоспарланған. Төле би атындағы №19 жалпы орта мектептің директоры Алтынбек Момбековтің айтуынша, құрылыс жұмыстарын «Kazintelgroup» мердігер мекемесі жүргізуде. Ал М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектеп директоры Руслан Стамқұлов күрделі жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталғанын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Аэропортта жолаушы өткізу қабілеті 2 мың адамға артады

admin

Арыс футбол құрамасы сырт алаңда жеңіске жетті

admin

ШЫМКЕНТ: Жұмыспен қамту жол картасы жобасы арқылы 154 азамат құрылыс жұмыстарына жолданды

admin