The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Түркістанда қолөнершілер қалашығы ашылады

Туризм астанасы туристік жаңа кешенмен толығады. Түркістанның мәдени-рухани орталық аумағында іргетасы қаланған қолөнершілер кешені биыл қолданысқа берілуі тиіс.  Бұл жөнінде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылыс алаңын кезекті аралау барысында ескертіп, мердігермен жұмысты ширату мәселелерін талқылады.

Биыл Түркістан – түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Жыл ішінде облыс орталығында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өтетін ауқымды жобалар жоспарланып отыр.

Бекітілген эскиздік жобаға сәйкес, кешенде қонақүйлер мен дәмханалар, көрме орталығы орналасады. Сонымен қатар 20-дан астам қолөнершіге арнайы шеберханалар ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібастық жас волейболшылар ел чемпионатында жүлделі орынды иеленді

admin

Шымкентте әккі ұры ұсталды

admin

Маңғыстаулық 17 жастағы баланың жұмбақ өліміне қатысты тың дерек шықты

admin