The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Түркістандық қолөнершілер жасаған бұйымдарын туристерге сата алмай отыр

 Түркістанның қолөнер шеберлері үшін арнайы ғимараттың жоқтығы үлкен мәселе болып отыр. Бұрынғы Қолөнершілер орталығы Түркістан қаласы облыс орталығы болған сәтте ғимарат тапшылығынан өзге мекемелерге берілген. Содан бері шеберлер өз үйінің бір бұрышынан цех соғып, сонда жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр қиырында отырғандықтан тұтынушылардың да сұранысы төмендеп кеткен. «Бізде бұрын кесене аумағында қолөнершілер орталығы болатын. Сонда заттарымызды жасап, тіпті сатуға да жағдай бар еді. Бұл жерге туристер көп келетіндіктен сұраныс та жоғары. Ал осындан екі-үш жыл алдын ғимараттың тапшылығынан орталықты бізден алып қойды. Содан бері шеберлердің кәсібінен береке кетті», — дейді қолөнерші Мереке Айдарша.

 Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кәсіпкерлермен кездесуінде көтерілді. Мәселені байыппен тыңдаған облыс басшысы қолөнерге қатысты арнайы бағдарлама әзірленетіндігін айтты. Сондай-ақ рухани-мәдени орталықтан қолөнершілер орталығын салу жөнінде мәселені қарайтынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент в тройке лучших

admin

Қазақстан мен Түркия еркін транзит пен цифрлық рұқсат жүйесі туралы келісімге келді

admin

Өзбекстан азық-түліктің 40%-ға жуығын Қазақстаннан алады

admin