The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза болды

 Оқиға 2 тамыз, түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Ордабасы ауданы аумағынан өтетін «Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында «Lada Priora» мен «ВАЗ-21099» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Lada Priora» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, жолаушының бірі ауруханада көз жұмды. Бұдан бөлек, «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. «Бүгінгі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады», — делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада

 

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібастағы жазғы лагерьлерде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

admin

Қазақстандықтардың шахматтағы жеңістері

admin

Вице-премьер Түркістан облысындағы «қосқорған» су қоймасының жай-күйі мен аймақтың су тасқынына қарсы дайындығымен танысты

admin