Қазақстанға электромобильді көлік әкелудің құны қанша?
Басқа қалаларды кім білсін, бірақ Алматыда электр қуатымен жүретін көліктер көбейіп келеді. Ресми түрде бұндай көліктер тек бір данадан ғана сатылатындықтан, алматылықтар электрмобильді қайдан және қалай тасымалдап жатыр деген сұрақ туындайды. Экспресс К осы және өзге де сұрақтардың жауабын іздеп көрді.
Біз электромобиль тасымалдаумен айналысатын компания басшысы Николай Татаренконы сөзге тартып, сұрақтарымыздың жауабын іздеп көрдік. Бұл компания Жапония, Германия немесе АҚШ, болмаса көршілес Қытайдан көлік тасымалдайды.
Әртүрлі стереотиптерге байланысты көп адам Қытайдан шыққан көліктерден қорқады, алайда, бұл ел сан түрлі электромобиль шығаратын мемлекет және оны ешкім жоққа шығара алмайды. Және де Қытайдың BYD бренді Американың Tesla көлігінен қарағанда әлдеқайда көп сатылған.
Татаренконың айтуынша, қазір жанар-жағармаймен жүретін көліктен қарағанда, электромобиль әкелу тиімді болып отыр. Бұл жерде қарапайым арифметикаға сүйеніп, есеп жасауға болады. Мәселен, сырттан бензинмен жүретін автокөлік әкелсеңіз кеден салығын (көлік құнының 15%), қосымша құн салығын (көлік бағасының 12%), утилизациялық алым мен бірінші тіркеуге қажетті алым төлейсіз. Осылайша, көлік бағасы екі еселеніп отыр.
Ал, электромобиль әкелсеңіз, жағдай басқаша: кеден салығы мен утилизациялық алым төлемейсіз, көліктің шыққанына үш жыл толмаса, алғашқы тіркеу құны да арзан. Ең бастысы көлік бағасының 12% қосымша құн салығы ретінде төлеу керек. Осындай жеңілдіктерді ескерген қазақстандықтар электромобильдерге қызыға бастаған.
Бұндай көліктерге деген сұраныс бар. Алайда көбі «тоқпен жүретін» көліктен қорқады. Дегенмен, біраз уақыт электромобиль мінген адам басқа көлікке қызықпай қалатыны тағы бар,
Оның үстіне, тоқпен жүретін көліктің майын ауыстырмайсыз, өзге де қосалқы құралдары жоқ. Сондықтан электромобильдер сирек бұзылады.
Дегенмен, Татаренконың айтуынша, егер электромобилдің ішіндегі бір қосалқы құрал сынып қалса, оны Қытайдан алдыру керек. Өйткені Қазақстанның автокөлік нарығында электромобильдердің бөлшектері аз сатылады.
Электромобильдің орташа құны — 6 млн теңге
Маманның айтуынша, қазір қазақстандықтар көбінесе Volkswagen ID.4 электромобилін көп алады. Алайда, оның бағасы да қымбат — қосымша алымдарды қосқанда, көлік бағасы 37 мың доллар ((17,8 млн теңге) болады. Сонда бұдан арзан көлік жоқ па?
Бар. Шамамен 8 млн теңгеге бұрын мінілген В-класты немесе Daewoo Matiz сияқты жаңа көлік таңдап, оны елге әкеліп, рәсімдеп алуға болады. Яғни, Қытайдан шығатын көліктер туралы айтып отырмыз,
Бұдан өзге өте арзан нұсқа бар. Мәселен, Қытайдан өте шағын, бағасы 5 мың доллар болатын көлік алуға болады. Оны елге жеткізу үшін 2800 доллар, компания мен брокердің қызметі үшін 1500 доллар, көліктің қауіпсіздігі туралы сертификат үшін 700 доллар және көлік құнының 12% көлемінде, яғни 600 доллар төлеу керек.
Және ескеретін тағы бір маңызды мәселе — Қытай заңнамасы бойынша жаңа көлікті тек ремси дилерлер тасымалдай алады. Сондықтан, Қыта йдан көлікті сатып алып, оны тасымалдауға рұқсат алатын компания табу керек. Бұл қызмет түрі шамамен 1500 доллар. Осының бәрін қосса, Қытайдан әкелуге болатын шағын электромобильдің құны шамамен 6 млн теңгеге тең болады.
Көлікті қалай қуаттандыру керек?
Электромобиль дегенде қазақстандықтардың көбі оны қайда және қалай қуаттаймыз дегенге алаңдай бастайды. Николай Татаренконың сөзіне сенсек, кез келген электромобильді үйдегі тоқпен де қуаттап алуға болады. Егер көлігіңізді түнімен қуаттап қойсаң, ұялы телефон сияқты ол ертеңінде оның қуаты күні бойы «өлмейді». Егер көлікті тез қуаттайтын станция керек десеңіз, оны шамамен 500-700 долларға, яғни, 240-336 мың теңгеге сатып алуға болады. Дегенмен, бұл станцияларды көлікті қысқа уақытта 70-80%-ға қуаттап беретін станциялармен шатастыруға болмайды. Ондай арнайы станциялардың бағасы 10 мың доллардан (4,8 млн теңгеден) басталады.