ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР ТОЛАҒАЙ ТАБЫСҚА ЖЕТТІ

0
Қазіргі таңда Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында барлық жас ерекшеліктері бойынша зіл темір көтеруден кезекті Азия чемпионаты өтуде. Тәуелсіз Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғап жатқан Түркістан облысының №2-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебінің талантты спортшылары ғаламат жетістіктерге жетуде.
Мақсаттары айқын түркістандық спортшылар — 53 келідегі дарынды Алишер Заитов пен 52 келіде өнер көрсеткен Алена Гладкова жеңістің шыңын бағындырып, алтын медаль иеленді. Сонымен қатар жерлестеріміздің арасында Сарвиноз Насиридионнова да жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама қоржынына бұдан басқа алтын медаль салған Алена Гладкова да бар.
Қуанышты жаңалық, Түркістан облысының талантты спортшы қызы Барно Джумабаева керемет ойын көрсетіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Әлем мен Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Жерлесіміз бұл жарыс жолында қарсыластарын басып озып, 500 грамм салмақ арттырды.
Сары құрлық елдерінің ең талантты деген спортшылары қатысқан бұл Азия чемпионтында 84 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ирада Абдырова мен +84 келідегі жерлесіміз Сарвиноз Насириддинова да тамаша жеңістің үлгісін көрсетті. Бұл жеңімпаздар — білікті басшы әрі жастардың жанашыры Нұрлан Айтмурзаев жетекшілік ететін облыстық №2-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.
Жекпе-жек спорт түрлерінен де жерлестеріміз сенімді ақтады. Акбар Елубайұлы джиу-джитсудың екі түрінен Азия чемпионы атанды
Өзбекстан мемлекетінің Бұқара қаласында 8-11 қыркүйек айында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Айтулы додаға қатысқан созақтық Акбар Елубайұлы қарсыластарынан басым түсіп, тұғыр биігінен көрінді.
Айта кетуіміз керек Акбар Елубайұлы қазан айында «Naiza fighting championship» кәсіпқой промушінінде өнер көрсетеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ