The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды

Ташкент — Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жұмыс барысын бақылады.

Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.

Биылғы жылдың шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды.

Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы аудан жастары Арыс өзені жағалауын қоқыстан тазартты

admin

Қытайлық компания Қазақстандағы жаңа жобаларға қызығушылық білдірді

admin

10 бүлдіршіннің тұсауы кесілді

admin