The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Ақтөбе облысында 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысының Мартөк ауданында жоғалып кеткен 10 жастағы бала іздестірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

29 наурыз күні кешке Мартөк ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлап кетуі мүмкін.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, сүңгуірлер, ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинолог, арнайы техника және тікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен әскери қызметшілер тартылған. Елек өзенінің жайылмасында катерлермен патрульдеу жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Түркістанда суға кеткен 8 жастағы бала төрт күннен бері іздестіріліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібаста 64 отбасы қоныс тойын тойлады

admin

Санитариялық кітапшаларды бақылау электронды форматқа көшірілді

admin

ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында 2 ірі мақта өңдеу зауытының капсуласы салынды

admin