The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматы әкімі жауапсыз мердігерді лицензиясынан айыруды тапсырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданында кеңес өткізіп, инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы мәселесін талқылады.
Кездесу барысында су құбырлары, кәріз жүйелері мен мектептердің құрылысы тым баяу жүріп жатқаны атап өтілді. Бұл ауданның дамуына кедергі келтіріп, тұрғындарға қолайсыздық туғызып отыр.
Әкім мердігерлер шарт талаптарын бұзған жағдайда лицензиясынан айырылып, заң бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар Дархан Сатыбалды аудан тұрғындарымен кездесіп, су, жол, қоғамдық көлік және басқарушы компанияға қатысты сауалын тыңдады. Әр мәселені шешудің нақты мерзімі белгіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық студенттер енді АҚШ дипломын ала алады

admin

Түркістан облысында 50 мың бас ірі қара малға арналған ауқымды ферма салынуда 

admin

Түркістан облысында оңалту орталықтары салынып жатыр

admin