Алматыда 2000 адамды жұмыспен қамтыған жауапты бизнес қалай дамып жатыр?

Бизнес экономиканы да, тұтынушыларды да қалай қолдай алады? Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі білді.

ZETA компаниясы республикалық «Саналы бизнес – ел тірегі» акциясының қағидаттарын қолдайды. Бүгінде компания Алматы облысында 2000-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар қазақстандық жеткізушілермен ынтымақтасып, үй мен кеңсеге арналған тауарлардың бағасын халыққа қолжетімді деңгейде сақтау үшін маржиналдық деңгейін саналы түрде қалыпты деңгейде ұстайды.

«Саналы бизнес» қағидаттарын қолдау

ZETA компаниялар тобының вице-президенті Мақсұт Омарбаевтың айтуынша, жауапты кәсіпкерлік қағидаттары компания философиясының негізінде бұрыннан бар.

Біз үшін тек бизнесті дамыту ғана емес, ел экономикасына үлес қосу, жаңа жұмыс орындарын ашу, тауарлардың қолжетімділігін сақтау және отандық өндірісті қолдау маңызды. Бұл құндылықтарды компанияның негізін қалаушы Қанат Байтенұлы Омаров қалыптастырған. Бүгінде олар біздің жұмысымыздың басты қағидасы болып отыр, — деді Омарбаев.

Оның сөзінше, қазіргі экономикалық жағдайда бизнес тек пайда табуды ғана емес, қоғам мүддесін де ескеруі тиіс.

Бұл – өнім сапасына жауапкершілік, әділ баға саясаты, қызметкерлердің тұрақты жұмыспен қамтылуы, жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастық және Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосу деген сөз. Қазіргі жағдайда бұл аса маңызды, өйткені тұрақты бизнес ішкі нарықты нығайтып, тұтынушылардың сенімін арттырады, — деді ол.

Компанияда баға саясатын қалыптастыру кезінде халықтың сатып алу қабілеті де ескерілетінін атап өтті.

Көптеген отбасы үшін тауардың сапасы мен сыртқы келбеті ғана емес, оның қолжетімді болуы да маңызды. Сондықтан компания өзіндік құн, сапа және соңғы баға арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады. ZETA-ның басты қағидаттарының бірі – үй мен кеңсеге арналған тауарларды мүмкіндігінше кең тұтынушылар тобына қолжетімді ету, — деді спикер.

Қолжетімділік үшін қалыпты маржиналдық саясат

Компания вице-президентінің айтуынша, кей жағдайларда бизнес өнімнің пайда деңгейін саналы түрде шектейді.

Иә, кейбір жағдайда компания тауар бағасының қолжетімділігін сақтау үшін маржиналдық деңгейін әдейі қалыпты деңгейде ұстайды. Біз үшін қысқа мерзімді пайдадан гөрі клиенттердің ұзақ мерзімді сенімі мен тұрақты сұранысы маңызды. Мұндай тәсіл ZETA-ның тұтынушыларға жақын болып, қазақстандық өндіруші әрі жеткізуші ретінде әлеуметтік жауапкершілігін орындауына мүмкіндік береді, — деді кәсіпкер.

Компания отандық өндірушілермен және жеткізушілермен белсенді жұмыс істейді.

ZETA қазақстандық жеткізушілермен белсенді ынтымақтастық орнатып, мүмкіндігінше отандық материалдарды пайдаланады. Бұл – жергілікті экономиканы қолдаудың және ішкі өндірісті дамытудың маңызды бөлігі. Жергілікті серіктестермен жұмыс істеу арқылы біз өнім сапасын, жеткізу мерзімін және өндіріс шығындарын тиімді бақылауға мүмкіндік аламыз, — деді ол.

Компания Алматы облысында өндіріс, логистика, сауда және әкімшілік бағыттар бойынша 2000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сапа бақылауы және әділ баға

Компанияда өнім сапасына ерекше назар аударылады.

ZETA өнім сапасын қамтамасыз ету үшін материалдарды таңдауға, өндірістік бақылауға, технологиялық процестерге және ассортиментті үнемі жетілдіруге үлкен мән береді. Сонымен қатар ішкі процестерді, логистиканы және өндірістік шығындарды оңтайландырып, тұтынушы үшін әділ бағаны сақтауға тырысамыз. Біздің міндет – нарыққа сапалы, практикалық әрі қолжетімді өнім ұсыну, — деді Омарбае

Компанияда тұрақты даму үшін күшті команда маңызды екенін атап өтті.

ZETA үшін қызметкерлер – компанияның негізгі құндылықтарының бірі. Біз еңбек қатынастарын өзара құрмет, тұрақтылық және жауапкершілік қағидаттарына негіздейміз. Қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға, әлеуметтік қорғалуына, сондай-ақ кәсіби оқыту мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені мықты команда – тұрақты өсім мен сапалы жұмыстың негізі, — деді спикер.

Экономикалық патриотизм – бизнес стратегиясының бөлігі

Компания өкілдері отандық өндірісті дамыту мен ұлттық экономиканы қолдау бизнестің ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды бөлігі екенін айтады.

Экономикалық патриотизм ZETA компаниясының ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды бағыты. Отандық өндірісті қолдау, жұмыс орындарын ашу, қазақстандық жеткізушілермен жұмыс істеу және жергілікті бизнесті дамыту – біздің болашаққа деген көзқарасымызбен толық сәйкес келеді. Күшті ұлттық бизнес – ел экономикасының тірегі әрі тұрақты дамудың маңызды факторы, — деп түсіндірді кәсіпкер.

Сөз соңында ол кәсіпкерлерге жауапты бизнес жүргізудің маңызын атап өтті.

Жауапты әрі жүйелі бизнес – компанияның, қызметкерлердің және жалпы елдің болашағына салынған инвестиция. Бүгінде бизнесті сенім, сапа, адалдық және тұтынушыға құрмет қағидаттарына негіздеп құру өте маңызды. Осындай тәсіл ғана тұрақты бедел қалыптастырып, брендтің шынайы құндылығын арттырады. ZETA мысалы бизнесті дамыта отырып, өнімнің қолжетімділігін сақтауға, отандық экономиканы қолдауға және қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге болатынын көрсетеді, — деп түйіндеді Омарбаев.