The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

«Кастет болмаған»: Жасөспірімдер төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы төбелес фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жасөспірімдердің әрекеттері кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Нәтижесінде олар профилактикалық есепке алынды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Жамбыл облысы Полиция департаменті тергеу барысында әлеуметтік желілерде тараған кәмелетке толмағандардың кастет суық қаруын қолданғаны туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жәбірленуші үйінде амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды, — деп мәлімдеді полиция.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда қыздар арасындағы төбелес неден басталғаны анықталған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Жылдамдықты бақылау жүйесі заңбұзушылықты азайта ала ма?

admin

Түлкібас ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

admin

Лицензиялық турнир: 8 наурыз күні шаршы алаңға кімдер шығады

admin