The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана қайта жаңғыртылуда

Алдағы күндері мердігер ұйым ғимарат аумағы бойымен қоршау орнатады. Дегенмен аурухана жұмысы толық көлемде жалғасады – медициналық қызметтер қысқармай көрсетіледі.
📌 Бірінші кезеңде 11 блоктың 5-еуі қайта жаңғыртылады. Аурухананың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету үшін ота жасау блогы мен жансақтау залы уақытша көшіріледі, штаттық кесте өзгеріссіз қалады.
⚡ Қайта жаңғыртудың қажеттілігі инженерлік желілердің, тіреуіш конструкциялар мен қасбеттің қатты тозуымен байланысты. Жаңарту барысында сейсмикалық күшейту, коммуникациялар мен қасбетті ауыстыру, жаңа желдеткіш жүйесі, қазандық және трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылады.
🏗 Пайдалы аумақ 2,5 мың шаршы метрге ұлғаяды. Бірінші қабат фронт-офиске айналып, мұнда ыңғайлы күту аймағы, тіркеу орны және клиникалық-диагностикалық орталық орналастырылады.
🏥 Науқастар мен дәрігерлер үшін қолайлы әрі түсінікті орта жасалады.

Ұқсас жаңалықтар

Аким Шымкента рассказал о ситуации с COVID-19 и пневмонией

admin

Түркістанда биыл 9 және 7 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады

admin

Үкімет отырысында жалпыұлттық іс-шаралар жобасы қаралды

admin