The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматыда көлік ғылымдары мен технологияларының алғашқы институты құрылады

 Алматыда М.Тынышпаев атындағы ALT Университетінде ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы аясында Қазақстандағы алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институтын (ITST) құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Институт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік, логистика және транзит салаларын дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмаларын іске асыру мақсатында құрылып отыр. Жаңа ғылыми орталық көлік саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіп, транзит пен логистиканың тиімділігін арттыруға, инфрақұрылымның беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

ALT Университеті ректоры Меруерт Жармағамбетова институт ғылым мен практиканы ұштастыратын инновациялық экожүйе болатынын атап өтті. Ал ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев көлік пен логистиканы дамытуда ғылымның шешуші рөл атқаратынын айтты.

Жаңа институттың құрылуы Қазақстанның көлік ғылымын дамытуға, транзиттік және логистикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 200-ден астам дәрігер жетіспейді

admin

Шымкентте жылына 262 миллион литр сусын шығаратын зауыт салынуда

admin

ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік көмек «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыс беріледі

admin