The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыдағы 52 адам уланған жағдай: Қылмыстық іс қозғалды

  Алматыдағы «Алматы-2» вокзалында 52 адам күйік газынан улану жағдайына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінен мәлімдеді.

Аталған факт бойынша Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Еске салайық, Алматыда 52 адам күйік газынан уланды. Зардап шеккендердің арасында 10 бала бар, олардың екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» жобасы арқылы 63 мектеп салынады

admin

Шымкентте 4 ірі жолайрық салынады

admin

Қостанайда тайғақ жолда автобус екі көлікке соғылды

admin