The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған әйелге қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында қызыл кітапқа енген қызғалдақты жұлған әйелге 339-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабалайды BAQ.KZ тілшісі.

Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген қызғалдақты Шымкен қаласының тұрғыны жұлған. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті хабарлады.

Түркістан облысында полицейлер Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерін жою» бойынша қылмыстық іс қозғалды – дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау мақсатында арнайы тергеу жұмыстары жүргізілуде. Айыпталушыны қоғамдық жұмысқа тарту немесе 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеу мәселесін сот процесі шешеді.

Еске салайық, қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жұлуға – 3000 АЕК, яғни 11 796 000 теңге көлемінде айыппұл немесе қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған. Алайда Түркістан облысында осы бап бойынша бұған дейін мұндай көлемде айыппұл төлегендер болмаған.

Бұған дейін полиция 12 млн теңгенің гүлін жұлған әйелді іздеп жатқаны, сондай-ақ оның табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздегі порт теңіз әкімшілігі теңіз кемелеріне 231 тексеру жүргізді

admin

Қыздың әкесімен байланыстамын: Алматыдағы оқушы суицидіне қатысты уәкіл пікір білдірді

admin

Шымкент: қала әкімі қараусыз қалған нысанның мәселесімен танысты

admin