The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғамСаясат

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласындағы мамандандырылған ұйымдарда ем алып, оңалтудан өтіп жатқан және тәрбиеленіп жатқан 400-ге жуық кішкентай алматылыққа сыйлықтар табысталып, мерекелік құттықтаулар айтылды. Ең бастысы, оларға ерекше көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетілді.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов балаларды мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында қаланың балаларға арналған медициналық және оңалту ұйымдарын аралады.
Алғашқы бару орыны Мамандандырылған балалар үйі болды. Қазіргі таңда мұнда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, туғаннан төрт жасқа дейінгі 35 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мекемеде балалардың отбасылық ортаға барынша жақын жағдайда өсуіне барлық жағдай жасалған. Балалар шағын топтарда тәрбиеленіп, бір-бірімен достасуға, қамқор болуға, үлкендерді құрметтеуге және айналасындағы адамдардың қолдауын сезінуге үйренеді. Мұндай тәсіл бүлдіршіндердің қажетті күтім алып қана қоймай, болашақ өмірінде қажет болатын маңызды дағдыларды қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Сапар барысында Марат Пашимов тәрбиеленушілердің тұрмыс жағдайымен танысып, ұжыммен әңгімелесті және бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Ересектердің жылуы мен қамқорлығына ерекше мұқтаж балалар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор.
Мерекелік акция қаланың басқа да балаларға арналған медициналық ұйымдарын қамтыды. Бұл күні «Балдаурен» оңалту орталығының, «Алау» балалар оңалту орталығының, Ерте жастағы балаларды оңалту орталығының, Балалар фтизиопульмонологиясы оңалту орталығының және Қалалық балалар оңалту орталығының тәрбиеленушілері мен пациенттеріне тәтті сыйлықтар, жұмсақ ойыншықтар, ең кішкентай балаларға арналған сылдырмақтар, дамытушы үстел ойындары мен сурет салуға арналған планшеттер табысталды.
Көптеген балалар үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды. Ем қабылдап, қалпына келу кезеңінен өтіп жатқандарына қарамастан, балалардың күлкісі, шынайы эмоциялары мен сыйлықтарға деген қуанышы мекемелерде ерекше мейірім мен жылылық атмосферасын қалыптастырды.
Балаларды, олардың ата-аналарын және медицина қызметкерлерін құттықтаған Марат Пашимов кішкентай пациенттерге зор денсаулық, тезірек сауығып кетуді, бақытты балалық шақ пен ең асыл армандарының орындалуын тіледі.
«Әрбір бала қамқорлыққа, көңіл мен бақытты балалық шаққа лайық. Балалардың қолдау сезінуі, сапалы медициналық көмек алуы және дені сау болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деп атап өтті ол.
Көптеген бүлдіршін үшін бұл күн ерекше мерекеге айналды. Емделу мен оңалтудан өтіп жатқандарына қарамастан, балалардың шат күлкісі, шынайы қуанышы мен сыйлықтарға деген ризашылығы медициналық ұйымдарда мейірімге, жылулыққа және шынайы мерекелік көңіл-күйге толы атмосфера қалыптастырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылорда облысында үш ауылда әкім сайлауы өтіп жатыр

admin

Алаңда қалған ақиқат: Желтоқсан оқиғасы деректі фильмде

admin

«Экологиялық таза болашақ: АЭС – Қазақстанның тұрақты қуат көзі»

admin