The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғамСаясат

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда жалпы сыйымдылығы 1560 орындық 7 жаңа балабақша пайдалануға беріледі.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда жалпы сыйымдылығы 1560 орындық 7 жаңа балабақша пайдалануға беріледі.
Жаңа нысандар қаланың бірнеше ауданында ашылады:
📍 Құрамыс шағынауданы (Наурызбай ауданы) — 320 орындық балабақша. Мұнда музыка және гимнастика залдары, үйірме кабинеттері мен 13 ойын алаңы қарастырылған.
📍 Қалқаман-2 шағынауданы — 240 орындық балабақша.
📍 Шұғыла шағынауданы — 320 орындық балабақша.
📍 Медеу ауданы — 140 орындық бөбекжай-балабақша.
📍 Қайрат шағынауданы (Түрксіб ауданы) — 260 орындық бөбекжай-балабақша.
📍 10-шағынаудан (Әуезов ауданы) — 160 орындық бөбекжай-балабақша.
📍 Алтын бесік шағынауданы (Әуезов ауданы) — 120 орындық бөбекжай-балабақша.
Жаңа нысандар мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін арттырып, алматылық отбасылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы жобалар ерекше бақылауда. Қала басшысы Дархан Сатыбалды әлеуметтік нысандардың құрылысын тұрақты бақылап, жұмыстың сапасы мен мерзіміне ерекше көңіл бөліп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Жыл басынан бері жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде 512 млн.теңгеден астам қаржы үнемделді

admin

Ауа райы қолайсыздығы: Бірқатар облыста жолдар жабылды

admin

Жыл басынан бері “ашық wi-fi” желісіне 29 мыңға жуық азамат қосылған

admin