The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Әр жетім балаға 70 мың теңге әлеуметтік көмек беріледі

Шымкентте наурыз мерекесінің қарсаңында жетім балаларға, мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аталмыш әлеуметтік қаржылай төлем Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы шешімі негізінде Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан бөлініп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында ат спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

admin

«Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет»: Жетісу облысының даму қарқыны қандай

admin

Түркістан облысында төтенше жағдай зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

admin