The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыс: өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бүгін қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағында орналасқан базар мен сауда орындарына өртке қарсы және террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында өрттің алдын алу мақсатында тұтынушыларға барынша қолайлы жағдай жасау, базар ішінде орналасқан асхана желілерінде электр жабдықтарының қауіпсіздігін қадағалау, қосылған электр қондырғыларын қараусыз қалдырмау бағытында нұсқаулық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, базар басшылығына аумақта тазалықты қатаң сақтау тапсырылды.

Аталған шараға Арыс қаласының кәсіпкерлік бөлімі, Төтенше жағдайлар бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Арыс қалалық филиалы және «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының өкілдері қатысты. Барша кәсіп иелерін қарапайым сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға және санитарлық тазалықты сақтауға шақырамыз!

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардарада 500 адамды жұмыспен қамтитын зауыт салынып жатыр

admin

Шардара: Отбасылық-демографиялық ахуал бойынша комиссия мәжілісі өтті

admin

Мақтаарал: аудан әкімі Мырзакент спорт клубының жеңімпаз спортшыларын марапаттады

admin