The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте мектеп директорын сақалдылар сабап кеткен

Шымкентте мектеп директорына теріс діни ағым өкілдері қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек  Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Орынбектің айтуынша, теріс діни ағым өкілдері мектеп директорына дене жарақатын салған.

Күні кеше Фирдауси мектебінің директоры Жанар Сапарды екі сақалды қазақ жігіттері келіп қылқындырып, ұрып, сүйрелеп дене жарақатын салып кеткен. Ал полиция қызметкерлері екі жігітті табудың орнына, “арыз-шағымым жоқ” деген қағаз жаздырып алып кеткен! Теріс діни ағымдарға және діни киім атрибуттарына шұғыл түрде заң қабылдауды талап етемін! — деп жазды Facebook парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

admin

Қазақстанда экспорттаушыларды қолдау жөніндегі бағдарлама басталды

admin

Созақ: дәстүрлі тамыз кеңесі өтті

admin