The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыс: жерлестеріміз чемпион атанды

31 тамыз күні Түркістанда 3х3 баскетболдан ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысқан додада арыстық «Drive Arys» командасы турнир жеңімпазы атанды.

Б.Құралбек, Д.Естемір, Р.Муратов, А.Қарабаев сынды арыстық жастардан құралған команда қарсылас шақ келтірмеді. Спортшыларымыз финалдық бәсекеде Жаңаөзен қаласынан келген «New River» командасын тізе бүктіріп, қаламыздың мерейін үстем етті.

– Жылдан-жылға стритболға деген қызығушылық артып келеді. Бүгінгі жарысқа 50-ге жуық спортшы қатысуда. Баскетболдың 3х3 ойынының өз қиыншылықтары бар. Дегенмен, жерлестеріміз жігерлік танытып, жеңімпаз атанды. Жалпы, жастар өз уақыттарын дұрыс пайдаланып, дені сау және оларды бір ортақ іске жұмылдыру, бұл – біздің басты мақсаттарымыздың бірі, – дейді команданы бастап барған, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Нұрдәулет Тайманов.

Айта кетейік, 3х3 стритбол немесе көше баскетболы деп аталатын ойынның ережесі бойынша, әр командада 3 стритболшы 1 баскетбол себетіне доп салуы қажет. Ойын 10 минут болады  немесе есеп 21-ге жеткен уақытта автоматты түрде тоқтатылып, жеңімпаз анықталады.

Жеңіс құтты болсын, Арыс елі! Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

План «Перехват» объявили в Павлодаре из-за похищения человека

admin

Шымкент: жәрмеңкеде грант иелерінің өнімдері ұсынылды

admin

Түркістандық балуандар жауынгерлік самбодан командалық есепте бірінші орынды иеленді

admin