The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады

 Астанадағы тұрғын үй нарығы бағаның күрт өсуін көрсетіп отыр. Қараша айында елордадағы қайталама нарықтағы пәтерлер қазан айымен салыстырғанда 4,8%-ға қымбаттады. Бұл 2024 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары айлық өсім. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баға өсімі жаңа үйлерге де тән: бастапқы нарықта өсім +3,2% болды. Салыстыру үшін айта кетсек, осы сегментте бағаның бұдан да жоғары өсуі соңғы рет қыркүйекте тіркелген (+5,1%).

Нарықта пәтер жалдау да қалыспай келеді,  жалдау ақысы бір айда 4%-ға өскен. Сарапшылар мұндай динамика қараша үшін әдеттен тыс екенін айтады. Мұндай жылдамдық бұған дейін тек 2024 жылдың желтоқсанында байқалған.

Алматы тұрғын үй нарығында не өзгерді?

Оңтүстік астанада бастапқы тұрғын үй нарығында айтарлықтай өсім байқалды. Баға қазан айымен салыстырғанда 3,5%-ға жоғары. Бұл соңғы екі жылдан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткіш, яғни 2023 жылғы қыркүйектен бері болмаған деңгей.

Қайталама нарықта екі ай қатарынан +2,1% бағаның тұрақты өсуі байқалады.

Алматыдағы жалдамалы тұрғын үй бағасы 2,6%-ға өсті. Қыркүйекте өсім бұдан жоғары болғанымен, сарапшылар қараша айына мұндай динамика да тән емес екенін атап өтеді.

Екі мегаполистегі бағаның өсуі нарықтағы қысымды күшейтіп, тұрғындар үшін баспананың қолжетімділігін төмендетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: мегаполисті дамытудағы маңызды мәселелер

admin

Түркістан: 750-ге жуық мектеп жедел басқару орталығына қосылады

admin

Бүгін дауыс беру учаскелерінің ашылуынан бастап «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті

admin