Астанада – боран, Алматыда – тұман: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 7, 8 және 9 қараша күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада:
7 қарашада – ауыспалы бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –2…–4°C, күндіз шамамен 0°C.
8–9 қарашада – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Төменгі бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты – оңтүстік-батыс, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де шамамен 0°C шамасында болады.
Алматыда:
7 қарашада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –6…–8°C, күндіз +0…+2°C.
8 қарашада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –0…–2°C, күндіз +8…+10°C.
9 қарашада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз +9…+11°C.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады.








