The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыда онлайн-казино ұйымдастырғандар сотталды

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «PokStars» және «LuckyShark» атты заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ставкалар банк арқылы қабылданып, одан соң ойыншыларға жүйеге кіру үшін логин мен құпиясөз берілген.

Қаржылық операциялар туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген.

Жаңа ойыншыларды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын нысаналы жарнама қолданылған.

Сот үкімімен үш кінәлі тұлға 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мемлекет пайдасына 116 миллион теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен «ZEEKR» маркалы автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Соңғы екі жылда:

  • 105 сотқа дейінгі тергеу тіркелген;
  • 22 жасырын казино, 65 ойын залы және 441 терминал жойылды;
  • «Кибербақылау» жүйесінде 33 мыңнан астам онлайн-казино сілтемелері бұғатталды;
  • заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 166 адам сотталды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «e-Qonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылды

admin

ШЫМКЕНТ: 94,4% жителей Енбекшинского района обеспечены качественной питьевой водой

admin

Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен кездесті.

admin