The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Астанада – боран, Алматыда – тұман: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 7, 8 және 9 қараша күндері Астана мен Алматыда қандай ауа райы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада:

7 қарашада – ауыспалы бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –2…–4°C, күндіз шамамен 0°C.

8–9 қарашада – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Төменгі бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты – оңтүстік-батыс, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де шамамен 0°C шамасында болады.

Алматыда: 

7 қарашада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –6…–8°C, күндіз +0…+2°C.

8 қарашада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –0…–2°C, күндіз +8…+10°C.

9 қарашада – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз +9…+11°C.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

«Асыл мекен». Бүгіннен бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды

admin

Қарағандыда ЖЭО жабдықтары күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

admin

12 жасар қызды зорлаған қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

admin