Астанада жаңа LRT станциясының маңында өрт шықты

Астанада өрт сөндірушілер Нұрмағамбетова көшесіндегі аялдама павильонында шыққан отты сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ

ТЖМ таратқан мәліметке сәйкес, өрт сөндірушілерге Сарайшық ауданы, Нұрмағамбетова көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шығуы туралы хабарлама түскен.

Жеткен кезде құрылыс нысаны аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінде түтін бар екені анықталды. Электр қалқанындағы кабельдердің және құрылыс қалдықтарының 10 шаршы метр алаңда өртенгені белгілі болды, — делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер тез арада өртті бақылауға алып, жалынның көршілес бөлмелерге таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ жариялаған видеода жаңа LRT станциясының маңында сымдардың жануы мен түтін шыққаны көрінеді.