Әлеуметтік желіде теміржол вокзалында түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кадрдан перрондағы адамдар легін көруге болады. Бейнежазба авторы жергілікті тұрғындарды адастырып, «тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр» деген жалған ақпарат таратқан, — делінген хабарламада.
Кеше, 10 сәуір күні станцияға бір мезгілде төрт пойыз келді:
— Құлсарыдан вахталық жұмысшылар бар пойыз;
— Атырау-Құлсары бағытында бес вагоннан тұратын тегін пойыз;
— Ақкөл (Құрманғазы ауданы) бағытына жүретін пойыз
— Алматыға дейінгі пойыз.
Пойыздар жөнелтілгеннен кейін вокзал перрондары босап, жолаушылар жолға шықты. Қазіргі уақытта вокзалда ешқандай қарбалас жоқ. Тұрғындар арасында жалған ақпарат таратпауларыңызды және тек тексерілген деректерге сенулеріңізді сұраймыз, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
