The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды

 Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады. Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды. Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. 

Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлемге жатады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын қайтарымсыз грант алып, кәсіп ашқан

admin

Биыл 28 мың оқушы 1-сыныпқа барады

admin

Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді

admin