The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібекте мектепке жол жәрмеңкесі өтуде

Бүгін аудан орталығындағы Балалар аллеясының алдында “Мектепке жол” жәрмеңкесі өтуде.

Таңғы сағат: 9.00-де басталған жәрмеңкеге аудан тұрғындарының келуі белсенді. Аудан кәсіпкерлері мен қатар Шымкент қаласынан бірнеше кәсіпкерлер келіп мектеп формаларын 3000 мен 4000, оқу құралдары қалам, дәптер, сызғыш және де басқа жабдықтарды 10-15%-ға дейін жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада сатуда.

Шымкенттік кәсіпкер Батырбекова Тоғжан бәйдібектіктерге жеңілдік жасап мектеп формасын 60 пайыз төмен бағада  жеңілдікпен сатуда. Сонымен қатар аталған кәсіпкер жәрмеңкеде тұрмысы төмен 3 отбасының балаларына өз есебінен мектеп формасы мен қажетті құрал жабдықтарды тарту етті. Жаңа оқу жылы қарсаңында жәрмеңкеде мектепке қажетті құралдар мен формаларды төмен бағада жеңілдікпен сатуды ұйымдастырушыларға  аудан тұрғындары алғыстарын білдіруде.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

2021 жылғы ІІІ тоқсанда орташа жалақының мөлшері белгілі болды.

admin

Банктер енді алаяқтарға жіберілген ақшаны қайтарып береді

admin

Түркістан облысында 19 мектеп ашылды

admin