The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бірыңғай уақыт белдеуі. Намаз уақыты қалай өзгереді

 Бір уақыт белдеуіне көшуге байланысты ресми сайттағы намаз уақыты 1 наурыздан бастап жаңарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады.

Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Алла қаласа 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажетті ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметтерді алуға болады. Ал жұма намазына қатысты мәлімет кестеде көрсетілді, — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында 4 жоба жүзеге асады

admin

Шымкентте 2 жасар баланың қолы электрлік ет тартқышқа қысылып қалды

admin

Түркістан өңірінде жаңа археологиялық әдіспен зерттеу жүргізіліп, 2000 жыл бұрынғы тарихи ескерткіштер анықталды

admin