The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Биыл «Қазсушардың» техника паркі ірі су қоймалары мен каналдарды тазартуға арналған алты жаңа кемемен толығады

Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК жыл соңына дейін алты жаңа жерснаряд сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл — су нысандарын лай мен шөгінділерден тазартуға арналған арнайы кемелер.

Жерснарядтарды Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы мен «Машканалды» (Машиналық әдіспен су көтеру каналы), Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасын тазартуға, сондай-ақ Ақмола облысындағы Астана су қоймасын тазарту жұмыстарына пайдалану жоспарланып отыр.

Айта кетейік, былтыр «Қазсушардың» Ақмола филиалына екі жерснаряд берілген болатын. Қазір олар Астана су қоймасын соңғы 55 жылда алғаш рет тазарту жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Соның нәтижесінде нысанның сыйымдылығы 47 млн текше метрге ұлғайып, елорда тұрғындарын сумен қамту жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Жерснарядтар су шаруашылығы нысандарын тазарту жұмыстарының тиімділігін арттырады. Бұл каналдардың су өткізу қуатын жақсартып, су қоймаларында көбірек су жинауға жол ашады. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта Қазақстанның барлық өңіріндегі нысандарда жүргізіледі»,— деді «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

admin

В Алматы выпало 8 см снега

admin

Бәйдібекте мектепке жол жәрмеңкесі өтуде

admin