The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Бүгін еліміздің 9 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгін,  22 наурызда Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа сапасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Атап айтқанда, Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Синоптиктердің түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді факторлардың (желсіздік, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Мамандар ауа райы қолайсыз кезде ашық ауада ұзақ болмауға, әсіресе жол бойында серуендеуді шектеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ созылмалы ауруы бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі тиіс.

Бұдан бөлек, ашық ауада физикалық белсенділікті азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент отандық мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды

admin

ЖОЛДАУ: Басымдықты ішкі саяси тұрақтылыққа негіздей отырып, өңірлік саясатты жетілдіруді ұқтырды

admin

Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

admin