The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Депутат Алатау қаласының дамуын жеделдетуді ұсынды

 Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Алматы агломерациясындағы жаңа Алатау қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен құрылған бұл қала стратегиялық жоба саналады және Қазақстанның келешектегі келбетін танытуы тиіс. Мемлекет басшысы қаланың арнайы мәртебесін заңмен бекіту қажеттігін атап өткен.

Алайда қала құрылғанына 1,5 жыл өтсе де, жобалық-сметалық құжаттамалар кешігіп жатыр. Заречный мен Жетіген елдімекендерінде мәдениет үйлері, спорт кешені мен ауыз су жүйесіне қатысты жобалар әлі дайын емес.

Сондай-ақ депутат Бас жоспар аясында салынуы тиіс:

  • 168 мектеп,
  • 219 балабақша,
  • 102 медициналық мекеме сияқты нысандардың құрылысына да Үкімет пен жергілікті әкімдіктің ерекше назарын аударуды сұрады.

Жанарбек Әшімжан Президент бастамасын халық зор ықыласпен қабылдағанын атап өтіп, жобаның институционалдық қолдауын күшейту, шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау және бақылау механизмдерін енгізу қажеттігін жеткізді.

Алатау қаласы – технологиялық өрлеу мен жайлы өмір сүру үйлескен жаңа буын қаласы болуы тиіс, – деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Әлихан Смайылов жаңа жайлы мектептер құрылысының сапасын мұқият қадағалауды тапсырды

admin

Түркістан облысында 2024 жылы 149 елді мекенде интернет сапасы жақсарған

admin

Ғылыми жобалар конкурсына 900-ге жуық оқушы қатысады

admin