The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Елімізде кәсіпкерлерге қойылатын талаптар азаяды

Сенаторлар бизнесті жүргізу туралы заңды қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің депутаттары бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заңды кеңейтілген отырыста талқылады.

Заң кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қорғауға, бизнеске әкімшілік жүктемесін азайтуға, тұтынушылардың, кәсіпкерлер мен мемлекет мүддесінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құжатта жалпы 114 заңнамалық актіге, оның ішінде 12 кодекске және 102 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Мәселен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсарту, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіру, олардың ашықтығын арттыру, сауда нарығын жаңғырту мерзімдерін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту жөніндегі түзетулерді қамтиды.

Сонымен қатар құжатта маңызы жоқ талаптарды қысқарту, бизнеске рұқсат берудегі артық құжаттар мен рәсімдерді алып тастау арқылы кәсіпкерлік қызметті жүргізу және дамыту жағдайын жақсарту жөніндегі ережелер жазылған.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ӨРТЕНГЕН БАЗАР БОЙЫНША ЕКІ САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді

admin

Алаш монументінің ашылуы аясында «қымызмұрындық» дәстүрі ұйымдастырылды

admin