The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Еліміздің бес облысында республикалық жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысында — 1 учаске

Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы — Қайнар ауылы – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел).

Жетісу облысында — 1 учаске

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км. (боран, шектеулі көрініс).

Қарағанды облысыда — 1 учаске

«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а-Новостройка а. – 16 км. (қар, боран, шектеулі көрініс).

Қостанай облысында — 1 учаске

«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы — 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Ұлытау облысында — 1 учаске

«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау кенті -Қостанай облысының шекарасы – 115 км. (боран, шектеулі көрініс).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 337 бірлік техника және 457 адам жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев пен Головкин Қазақстан құрамасының матчына келді

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданы ауыз сумен 94,4%-ға қамтылған

admin

Қызылорда облысында соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңге беріледі

admin