The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Еліміздің Қарулы күштерінде тағы бір кәсіби мереке пайда болды

Жауынгерлік даярлық маманының кәсіби күні белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді, ол 14 тамызда атап өтіледі.

Армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі осы қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылғы 14 тамызда Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітілді. Оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған болатын.

Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару – әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі.

Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады, өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайда метапневмовирус өршіді: Еліміздегі жағдай қалай

admin

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

admin

Кентау: мектепке жол акциясы

admin