Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық пара биатлоншы Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу сайысында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшылары қысқы Паралимпиадада мынадай нәтижелер көрсеткен:
-
Александр Колядин – Пхенчхан-2018, пара шаңғы (1,5 км спринт) – алтын медаль.
-
Любовь Воробьева – Лиллехаммер-1994, пара шаңғы (10 км классикалық стиль) – күміс медаль.
-
Александр Герлиц – Бейжің-2022, пара биатлон (10 км) – қола медаль.
-
Ербол Хамитов – Милан-2026, пара шаңғы (спринт) – қола медаль.
-
Ербол Хамитов – Милан-2026, пара биатлон (спринт, қуу жарысы) – алтын медаль.
Осылайша Ербол Хамитов Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алған санаулы спортшылардың қатарына қосылды.
Еске салсақ, Ербол Хамитов бұған дейін пара шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған еді.








