The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық пара биатлоншы Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында із қуу сайысында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан спортшылары қысқы Паралимпиадада мынадай нәтижелер көрсеткен:

  • Александр Колядин – Пхенчхан-2018, пара шаңғы (1,5 км спринт) – алтын медаль.

  • Любовь Воробьева – Лиллехаммер-1994, пара шаңғы (10 км классикалық стиль) – күміс медаль.

  • Александр Герлиц – Бейжің-2022, пара биатлон (10 км) – қола медаль.

  • Ербол Хамитов – Милан-2026, пара шаңғы (спринт) – қола медаль.

  • Ербол Хамитов – Милан-2026, пара биатлон (спринт, қуу жарысы) – алтын медаль.

Осылайша Ербол Хамитов Қазақстан тарихында қысқы Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алған санаулы спортшылардың қатарына қосылды.

Еске салсақ, Ербол Хамитов бұған дейін пара шаңғы жарысынан қола жүлдеге ие болған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен бейбітшіліктің негізі» атты республикалық форум өтті

admin

ШЫМКЕНТ: «Табиғат құндылықтарын сақтау баршаға парыз

admin

Түркістан облысында 4,1 миллион тонна мал азығы әзірленді.

admin