The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Есірткі сатқан 19 жастағы екі студент қыздың үстінен іс қозғалды

Екеуі де есірткіні жасырып кету кезінде ұсталды.

Қостанайдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталған 19 жастағы екі қыздың ісі қаралып жатыр, –  деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары» сайты.

Студенттер Ангелина Антипенко мен Анастасия Савостьянова аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатып алу және сату қылмыстары бойынша айыпталып отыр.

Екеуі де есірткіні жасырып кету кезінде ұсталды. Біреуінен ұнтақ салынған ондаған түйіншек табылды.

Ұсталған күні қыздар белгіленген жерлерде – тұрғын үйдің кіреберісіне бірнеше дозаны қойып үлгергені анықталды. Сондай-ақ бойжеткендердің үйін тінту кезінде «синтетика» мен гашиш табылды.

Студенттер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Әзірге қыздар елден шықпау туралы қолхатпен жүр. Мұндай істе осылай еркін жүру сирек берілетін мүмкіндік.

Сотқа Ангелина Антипенконың заңды өкілі саналатын анасы келмей қалған. Сол себепті сот отырысы кейінге қалдырылды. Қыздарды қолдауға екі құрбысынан басқа ешкім келмеген.

Ұқсас жаңалықтар

Самолет Жапарова не пустили на саммит в Глазго, ему пришлось лететь на частном борту

admin

Национальный проект «Ұлттық рухани жаңғыру» утвердили в Казахстане

admin

41 градус ыстық: синоптиктер жексенбіде 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

admin