The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Иновация : Шымкентте жол ақысын «Мой Beeline» ұялы қосымшасы арқылы төлеуге болады

Шымкент қаласының тұрғындары «Мой Beeline» қосымшасы арқылы жол ақысын төлеуге болады. Аталған оператордың қызметін қолдану арқылы жолаушылар 50 пайыз яғни 35 теңге үнемдей алады.  Бүгінде шаһарда қоғамдық көлікте жол жүру құны төлем картасы арқылы 70 теңге, ал қолма-қол төлеген жағдайда 100 теңге.

«Мой Beeline» қосымшасы арқылы мобильді теңгерім арқылы төлеу үшін *2222# пәрменін теріп, шақыру термесін басады. Әрі қарай көлік кодын енгізеді. Сондай-ақ 2222 нөміріне көлік коды көрсетілген СМС хабарлама жіберу керек.  СМС хабарлама жіберу қызметі тегін. Жолаушының баланысынан алдымен 70 теңге жол жүрудің толық құны алынады, содан кейін бірнеше секунд ішінде 35 теңге қайтарылады

Айта кетейік науқан күніне 2 сапарға таратылады. Егер сапарлар көп болса, олар үшін толық жол ақысы төленеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Депутат Алатау қаласының дамуын жеделдетуді ұсынды

admin

Қазақстан бір аптада БАӘ-ге 7 тонна қой етін экспорттады

admin

Жергілікті ақындармен кездесу кеші өтті.

admin