The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент : Шалғай елді мекендерде инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шалғай елді мекендерді дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгін аудан әкімі Рашид Мыңбаев  Ақтас-2 және 195 орамға барды.  Аталмыш орамға шағал тас төсеу, газ құбырларын жүргізу жұмыстарын тексерді.

Қазір таңда  аумақта жалпы 5,2 шақырым жолға шағал тас төсеу  қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде 195 орамда 5 көше, Ақтас-2 шағын ауданында 4 көше жөнделуде.

Айта кету керек,  195 орамда 200-ге жуық үй бар. Мұнда ауыз су және жарықтандыру мәселелері толық шешімін тапқан. Газ мәселесі бойынша абоненттеу жұмыстары басталды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сайрамда арнайы қызмет көліктеріне жол бермеген жүргізушілер жауапқа тартылды: «Еркін жол жүру» акциясы жалғасуда

admin

Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов іссапармен Қараспан ауыл округіне қарасты Берген, Батырата ауылдарыны барды.

admin

Шымкентте баланың қолы ет тартқышқа қысылып қалған

admin