The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ішкі істер саласындағы арулар марапаттарлы

 Ішкі істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Ержан Саденов нәзік жанды әріптестерін көктем мейрамымен құттықтады.

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ізгілік пен сұлулықтың белгісі. Нәзік жандыларға деген шексіз құрметтің көрінісі. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін! – деді министр.

Айтулы күні азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген бірқатар ару, сондай-ақ тәртіп сақшыларының жас буынын тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлер марапатқа ие болды.

Салтанатты шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
 

Ұқсас жаңалықтар

Кентаудағы білім және медицина нысандарын жаңғырту жоспарлануда

admin

2021 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 30 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗЕКТІ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

admin

Қазақстанның тау-кен саласына жаңа инвестиция тартылады

admin