The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қай облыста көп баспана салынып жатқаны анықталды

Қазақстанның құрылыс саласында тұрақты өсім байқалды: 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 6,44 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Елдің 17 өңірінде өсім тіркеліп, көшбасшылар қатарында мегаполистер мен солтүстік аймақтар бар.

Ең жоғары өсім Астанада – 41,8%, ал Алматыда – 37,7% болды. Бұл көрсеткіштер қалалардағы ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруімен байланысты. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан (+27,3%), Ақмола (+26,4%), Түркістан (+25,5%), Қостанай (+23,5%), Павлодар (+23%) және Алматы облыстары (+21,1%) жоғары көрсеткіш көрсетті.

Тұрғын үй құрылысы да оң қарқын сақтап келеді. Тоғыз айдың ішінде пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 3,4%-ға өсіп, 12,85 млн шаршы метрге жетті. Оның ішінде 8,07 млн шаршы метрі – көппәтерлі үйлер, ал 4,66 млн шаршы метрі – жеке тұрғын үйлер үлесінде.

Айта кетерлігі, пайдалануға берілген барлық тұрғын үйдің шамамен 92%-ын жеке құрылыс компаниялары салған. Бұл бизнес тарапынан жылжымайтын мүлік секторына инвестиция салуға деген тұрақты қызығушылықтың бар екенін көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды

admin

Құтқарушылар кәсібилігін танытты: таудан түсе алмаған адам аман қалды

admin

Жасырын жүрістен гөрі екінші әйел алған жөн – теолог

admin