The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратШоу-бизнес

Қайрат Нұртас сынға ұшырады

Қайрат Нұртас тағы көпшілік назарына ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы танымал әншіге тиесілі көлік Жамбыл облысының Қордай ауданында жол жүру ережесін бұзғаны видеоға түсіп қалған.

Қайрат Нұртас Жамбыл облысының Қордай ауданына келіп, жол ережесін өрескел бұзды. Ол үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған, — делінген әлеуметтік желіде тараған видеоның астында.

Оқырман қауым пікірі екіге жарылған, бірі әнші өзінің досы Төреғали Төрәлінің әрекетін қайталады десе, екінші тарап жолдағы сызық аса көрінбейтінін айтып ақтап алғысы келген. Дегенмен полиция көлік жүргізушісіне қатысты шара қабылдағанын алға тартты. 

Бұл факті осы жылдың 25 тамызында Алматы – Ташкент автожолының 215-шақырымында болған. Құқық бұзған Mercedes-Benz W222 көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК-нің 601-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, 10 350 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды, — деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

«Айдың нұры» қоры түркістандық қос студентке шәкіртақы тағайындады

admin

Қазақстан алтын резервтерінің өсімі бойынша әлемде 6-орынға шықты

admin

Құрылыс саласына жаңа салық тәртібі енгізіледі

admin