The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақ әйелдері қай салаларда еңбек етеді

 Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, елімізде 10 260 057 миллион әйел бар. Нәзік жандардың 63,6%-і қалада, 36,3%-і ауылда тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлер арасында әйелдердің ең көп саны Алматы қаласында – 1 196 450, Түркістан – 1 049 866 және Алматы облыстарында – 766 092 тіркелген.

Бүгінде қыз-келіншектер саясат, бизнес, өндіріс, шығармашылық және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып жүр.

Ресми ақпарат бойынша республикада түрлі салаларда 4,3 миллионнан астам әйел жұмыс істейді. Бұл еңбекпен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%-і. Соның ішінде 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Нәзік жандардың басым бөлігі білім, сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында еңбек етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы аумағында 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылды

admin

Түркістанда Қарулы күштер тәрбиешілері институтының құрылған күні атап өтілді

admin

Түркістанда үй жануарларын чиптеу басталды

admin