The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Қазақстан Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан екінші алтын алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам: индустриялық аймақта 126 жоба іске асырылады

admin

ШЫМКЕНТ: В рамках программы шанырак заключили договора купли-продажи 557 граждан

admin

Экономикалық өсім халыққа қандай пайда әкеледі?

admin