The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алды

Астанада Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Сторидің, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыланың, Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басудың, дипломатиялық миссиялар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.

Ұқсас жаңалықтар

Картоп пен көкөніс бағасын ұстап тұру үшін Үкімет жаңа меморандум дайындауда

admin

Жамбыл: 2026 жылға дейін 60 инвестициялық жоба іске асырылады

admin

Түркістан: жаңа тарифтік саясат коммуналдық желілердің тозу көрсеткішін төмендетеді

admin