The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Қазақстанда алимент өндіретін сот орындаушыларына талап күшейтіледі

 Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова алимент өндіру мәселесіне қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Әділет министрлігі алимент өндіру ісін жақсарту үшін жүйелі жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді.

Мысалы, қазір Мәжілісте сот орындаушыларының жұмысын жетілдіруге бағытталған заң жобасы қаралып жатыр. Сот орындаушыларына қойылатын талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар министрлік реттейтін барлық саланы толық цифрландыру бағытында белсенді шаралар қабылдап жатыр, — деп атап өтті Лаура Мерсалимова Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда сот орындаушысы алимент қаржысын ұрлағаны белгілі болды.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жеке сот орындаушылары ақшаға құныққандықтан алимент өндіретін жерді іздейтінін айтып, дабыл қақты. 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданы әкімінің кубогы үшін республикалық жайдарман сайысы өтті

admin

Елімізде футболдан Еуропа чемпионатының монеталары шықты

admin

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында 40 отбасына жаңа пәтер кілті тапсырылды

admin